Стационар:
Протозанов көш., 7,
8(7232) 60-28-01, 20-85-71,
706204, 87055698998
Жұмыс уақыты: тәулік бойы

Консультативтік-диагностикалық орталығы: Әуезов даңғ., 26, 8(7232) 56-98-99, 87010569889
8707-569-89-98, 8776-569-89-98
ШҚОА тіркеу орнының email: reg_ob@mail.ru
Жұмыс уақыты: 8.00 – 17.00

23.11.2024

Жарғы

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық аурухана» шаруашылық жүргізу құқығындағы    коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының.

 

 

1. Жалпы ережелер

1. Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық аурухана» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі - Кәсіпорын)  шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның  ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.

2.Кәсіпорын Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің  2010 жылғы  24 желтоқсандағы № 668 «Шығыс Қазақстан облысы объектілерін қайта ұйымдастыру туралы» қаулысына сәйкес қайта ұйымдастырылды.

3. Кәсіпорынның құрылтайшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі (бұдан әрі –Жергілікті атқарушы орган) болып табылады.

4. Кәсіпорынның мүлкіне қатысты субъектінің құқығын мемлекеттік  коммуналдық меншік құқығын «Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мемлекеттік мүлік жөніндегі Уәкілетті орган) жүзеге асырады.

5. Кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын орган «Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - тиісті саланың уәкілетті органы) болып табылады.

6. Кәсіпорынның атауы: Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық аурухана» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.

7. Кәсіпорынның орналасқан жері: индексі 070004. Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Әуезов даңғылы, 26.

 

2. Кәсіпорынның заңдық мәртебесі

8. Кәсіпорын мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап құрылған болып есептеледі және заңды тұлға құқығына ие болады.

9. Кәсіпорынның заңнамаға сәйкес дербес теңгерімі, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және Кәсіпорынның атауы бар бланкілері, мөрі бар.

10.Мемлекеттік кәсіпорын - табиғи монополия субъектісі Қазақстан Республикасы Үкіметінің (Жергілікті атқарушы органның) және мемлекеттік органның келісімімен табиғи монополиялар саласында және реттелмелі нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын басқа заңды тұлға құра алады, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алады. Кәсіпорын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес филиалдар мен өкілдіктер құра алады.

11. Кәсіпорынмен жасалатын және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес міндетті түрде мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын азаматтық-құқықтық мәмілелер, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен өзгеше белгіленбесе, тіркелген сәттен бастап жасалынған деп есептеледі.

3. Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаттары

12. Кәсіпорын қызметінің мәні лицензия негізінде медициналық қызмет көрсету болып табылады.

13. Кәсіпорын қызметінің мақсаты денсаулық сақтау саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып табылады.

14. Қызметінің мәні мен мақсатына сәйкес  Кәсіпорын мынадай қызметтерді жүзеге асырады:

1) медициналық қызмет:

  • «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінде қарастырылған түрлі нысандарда медициналық көмек ұсыну: стационарлық және амбулаторлық - емханалық және стационарды алмастыратын көмек, білікті медициналық көмек, мамандандырылған медициналық көмек, жоғары мамандандырылған медициналық көмек, санитариялық авиация;

  •  диагностика, зертханалық диагностика;

  • медициналық  реабилитология;

  • спорттық медицина;

  • денсаулық сақтау саласындағы сараптама: медициналық қызмет көрсету сапасын сараптау, уақытша еңбекке жарамсыздықты сараптау, кәсіби жарамдылықты сараптау (профилактикалық және мерзімдік медициналық тексеру, жүргізуші комиссиясы);

  • үй-жайлар мен жұмыс орындарды радиациялық бақылау бойынша қызмет көрсету;

  • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарына тегін медициналық көмектің кепілдік берілген  көлемін қамтамасыз ету;

  • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарына ақылы медициналық қызмет көрсету;

  • Патологоанатомиялық қызметінің қызметтері;

  • «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінде тыйым салынбаған медициналық қызметтің өзге түрлері;

  • Медициналық қызметіне байланысты басқа да медициналық емес қызметтер: (пациенттерге сервистік палаталар ұсыну, тағаммен емдеуді  ұсыну, пансионатта тұру қызметімен қамту, пациенттерді тасымалдау, медициналық кірді жуу).

2) фармацевтикалық қызмет;

3) есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына байланысты қызмет;

4) дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, спорт секцияларын құру;

5) денсаулық сақтау саласындағы қызметтің түрлі бағыттары бойынша кәсіптік курстар, лекциялар, семинарлар, тренингтер, конференциялар және басқа іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу түрінде ақпараттық-консультативтік қызметтер;

6) денсаулық сақтау саласында ғылыми-білім беру іс-шараларын, көрмелер, конференциялар, кеңестер, форумдар, симпозиумдар және басқа іс-шаралар ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;

7) Кәсіпорынның құзіретіне кіретін мәселелер бойынша денсаулық сақтау қызметтері және ұйымдарымен, аудандық деңгейдегі атқарушы, өкілді билік органдарымен және жоғары тұрған органдармен өзара әрекеттестікте болу;

8) Кәсіпорынның қызметтік тұрғын үйлерін ұстап тұруды ұйымдастыру;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасында  тыйым  салынбаған басқа да қызмет түрлері.

15. Кәсіпорын мемлекеттік лицензиялауға немесе аккредиттеуге жататын қызметтерді аккредиттеу туралы тиісті лицензиясы немесе куәлігі бар болғанда жүзеге асырады.

16. Кәсіпорын осы Жарғыда бекітілген оның қызметінің мәні мен мақсатына сай емес қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелерді жасауға құқылы емес.

17. Кәсіпорын басшысының заңды тұлғаның жарғыдан тыс қызметті жүзеге асыруға бағытталған іс-қимылдары еңбек міндеттерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауаптылық шараларын қолдануға әкеп соғады.

4. Кәсіпорынды басқару

18. Жергілікті атқарушы орган :

1) Кәсіпорындарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;

2) Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

19.Мемлекеттік мүлік жөніндегі Уәкілетті орган :

1) Жергілікті атқарушы орган атынан Кәсіпорынға қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады;

2) коммуналдық мүлікті Кәсіпорынға бекітеді;

3) Кәсіпорынның Жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

4) Кәсіпорынның мемлекеттік мүліктің нысаналы пайдаланылуын бақылау нәтижелері бойынша анықталған, артық, пайдаланбайтын не мақсатына сай пайдаланбаған мүлкін, бақылауды жүзеге асырған кезден бастап алты ай өткен соң тиісті саланың Уәкілетті органының келісімінсіз алып қоюды жүзеге асырады;

5) Кәсіпорынға алып қойылған мүлікті күтіп ұстау және оны кейіннен теңгерімнен шығара отырып, өзге тұлғаға бергенге дейін сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді;

6) Кәсіпорынның мүлкін пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен оның құзыретіне жатқызылған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады ;

20. Тиісті саланың Уәкілетті органы :

1) Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсатын айқындайды, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын Кәсіпорынның түрін айқындайды;

2) Кәсіпорын қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсететін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;

3) Кәсіпорынның даму жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерін қарайды, келіседі және бекітеді;

4) Кәсіпорын мүлкінің сақталуына және Кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуына талдауды және бақылауды жүзеге асырады;

5) Кәсіпорындардың жұмыс істеуі мен оларды басқару тиімділігінің мониторингін ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;

6) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға Кәсіпорын берген немесе ол өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісімін береді Кәсіпорынның мемлекеттік мүліктің нысаналы пайдаланылуын бақылау нәтижелері бойынша анықталған, артық, пайдаланбайтын не мақсатына сай пайдаланбаған мүлкін бақылау бойынша;

7) Кәсіпорынның филиалдар мен өкілдіктер құруына және оларды қайта ұйымдастыруға мен таратуға, сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға келісім береді;

8) Кәсіпорын мүлкінің есепке алуды ұйымдастырады, оны тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді;

9) Кәсіпорынды басқаруды жүзеге асырады;

10) Кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігін бекітеді;

11) Кәсіпорынның таза табыстың бір бөлігін. жергілікті бюджетке толық және уақытылы аударуын бақылауды жүзеге асырады;

12) Кәсіпорын басшысының ұсынымы бойынша оның орынбасарын (орынбасарларын) жыл сайын қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады;

13) жыл сайын Кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшерін белгілейді;

14) Кәсіпорын басшысының, оның орынбасарларының, бас (аға) бухгалтерінің лауазымдық айлықақыларының мөлшерін, оларға сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесін белгілейді;

15) Кәсіпорын басшысының ұсынысы бойынша Кәсіпорынның филиалдары мен өкілдіктерінің директорларын қызметке тағайындауға және қызметтен босатуға келісім береді;

16) Қазақстан Республикасының заңнамасымен оның құзыретіне жататын басқа да мәселелерді шешеді.

21. Кәсіпорынды басқару органы заңды тұлға ретінде оның басшысы, сондай-ақ Жарғының 5-бөлімінде көзделген жағдайларда бақылау кеңесі болып табылады.

22. Басшыны тағайындау, оны аттестаттаудан өткізу, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

23. Тиісті саланың Уәкілетті органы Кәсіпорынның басшысымен еңбек қатынастарын Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын жасасу арқылы ресімдейді.Еңбек шартында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен белгіленген жағдайлардан басқа, бюджетке таза табыстың белгіленген бөлігі уақытылы аударылмағаны үшін Кәсіпорын басшысының жауапкершілігі айқындалады.

24. Кәсіпорынның басшысы Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметіне және мүлкінің сақталуына дербес жауапты болады.

25. Кәсіпорынның басшысы Кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетті ұйымдастыруға дербес жауапты болады.

26. Басшы дара басшылық қағидаттарында әрекет етеді және Кәсіпорын қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.

27. Басшы – Бас дәрігер:

1) Кәсіпорынның атынан сенімхатсыз әрекет етеді және оның мүдделерін барлық органдарда білдіреді;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген шектерде Кәсіпорынның мүлкіне билік етеді;

3) шарттар жасасады және өзге де мәмілелер жасайды;

4) сенімхаттар береді;

5) банктік шоттар ашады;

6) Кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

7) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес Кәсіпорынның қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және олармен еңбек шарттарын бұзады, көтермелеу шараларын қолданады және егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен өзгеше көзделмесе оларды жазаға тартады;

Тиісті саланың Уәкілетті органы  басшының ұсынымы бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Кәсіпорын қызметкерлерінің номенклатурасы оның Жарғысында белгіленеді;

8) белгіленген еңбекақы төлеу қоры шегінде еңбекақы төлеу нысанын, штаттық кестені, лауазымдық айлықақылардың мөлшерлерін, Кәсіпорынның қызметкерлеріне (өзінің орынбасарлары мен бас бухгалтерді қоспағанда) сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесін бекітеді;

9) өзінің орынбасарларын қызметке тағайындау және қызметтен босату үшін тиісті саланың Уәкілетті органына  кандидатуралар ұсынады;

10) өзінің орынбасарлары мен Кәсіпорынның басқа да басшы қызметкерлерінің құзыретін белгілейді;

11) тиісті саланың Уәкілетті органының келісімі бойынша Кәсіпорынның филиалдары мен өкілдіктерінің директорларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

12) Кәсіпорынның филиалдары мен өкілдіктері туралы ережелерді бекітеді;

13) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

5. Байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорынды басқарудың ерекшеліктері

28. Денсаулық сақтау саласында шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорында тиісті саланың Уәкілетті органының ұсынысы бойынша кәсіпорын органы - байқау кеңесі құрылуы мүмкін. Байқау кеңесін енгізу Жергілікті атқарушы органның шешімі негізінде жүзеге асырылады.

29. Байқау кеңесі құрылатын шаруашылық жүргізу құқығындағы Кәсіпорындарға қойылатын өлшемдерді Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

30. Байқау кеңесін құру тәртібін, байқау кеңесінің құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптарды, сондай-ақ байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

31. Байқау кеңесі мүшелерінің қызметін бағалау және байқау кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу лимитін анықтау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкімет айқындайды.

32. Байқау кеңесінің өкілеттігін, отырыстарын өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкімет және тиісті саланың Уәкілетті органы айқындайды.

6. Кәсіпорынның мүлкі

33. Кәсіпорынның мүлкін, құны оның теңгерімінде көрсетілетін Кәсіпорынның активтері құрайды.

34. Кәсіпорынның мүлкі бөлінбейтін болып табылады және салымдар (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері, пайлар) бойынша, оның ішінде Кәсіпорын қызметкерлерінің арасында бөлуге болмайды.

35. Кәсіпорынның мүлкі:

1) оған меншік иесі берген мүліктің;

2) өз қызметінің нәтижесінде сатып алынған мүліктің (ақшалай табыстарды қоса алғанда);

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаражат көздерінің есебінен қалыптастырылады.

36. Кәсіпорынның жүргізуінде тек оның жарғылық мақсаттарымен көзделген қызметін қамтамасыз ету үшін оған қажетті, не осы қызметтің өнімі болып табылатын мүлкі болуы мүмкін.

37. Шаруашылық жүргізу құқығын алу және тоқтату, егер осы бапта өзгеше көзделмесе немесе аталған заттық құқықтың табиғатына қайшы келмесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде меншік құқығын және өзге де заттық құқықты алу мен тоқтату үшін көзделген талаптарда және тәртіппен жүзеге асырылады.

38. Шаруашылық жүргізудегі  мүлікті пайдаланудың жемістері, өнімі мен кірістері, сондай-ақ Кәсіпорын шарттар немесе өзге де негіздер бойынша алған мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасында меншік құқығын алу үшін белгіленген тәртіппен Кәсіпорынның шаруашылық жүргізуіне түседі.

39. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен немесе меншік иесінің шешімімен өзгеше белгіленбесе, мүлікке шаруашылық жүргізу құқығы, оған қатысты меншік иесі оны Кәсіпорынға бекіту туралы шешім қабылдаған, Кәсіпорында мүлікті өз теңгеріміне бекіткен сәтінде туындайды.

40. Кәсіпорынның негізгі құралдарға жататын мүлікті сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту шарттары негізінде иеліктен айыруға құқығы жоқ.

41. Кәсіпорынның мүлкіне шаруашылық жүргізу  құқығы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінде көзделген тәртіппен және меншік құқығын тоқтату негіздері бойынша, сондай-ақ осы Жарғыда көзделген жағдайларда тоқтатылады.

42. Осы Жарғыда көзделген шаруашылық жүргізу құқығын тоқтатудың жалпы негіздерінен басқа, шаруашылық жүргізу құқығы Кәсіпорыннан мүлікті меншік иесінің шешімі бойынша заңды түрде алынып қойылған жағдайда тоқтатылады.

Заңды түрде алып қою жағдайларына, атап айтқанда, мыналар:

  • шаруашылық жүргізу құқығындағы Кәсіпорынның жарғылық қызметінің мақсаттарына жауап бермейтін мүлікті алып қою;

  • артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай емес пайдаланылатын мүлікті алып қою жатқызылады.

43. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мүлік жөніндегі Уәкілетті орган  тиісті саланың Уәкілетті органының келісімі бойынша Кәсіпорнынан бекітілген мүлікті алып қоюға не оны өзі құрған басқа заңды тұлғалар арасында қайта бөлуге құқылы.

44. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мүлікті алып қою туралы шешімінде мемлекеттік мүлік жөніндегі Уәкілетті орган Кәсіпорынға оны өзге тұлғаға бергенге дейін ұстауын және сақталуын қамтамасыз етудің мерзімдерін белгілейді.

45. Кәсіпорын  мемлекеттік мүлік жөніндегі Уәкілетті органның  жазбаша келісімімен тиісті саланың Уәкілетті органының ұсынымы бойынша мыналарға:

1) филиалдар, өкілдіктер құруға;

2) дебиторлық берешегіне билік етуге;

3) үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша кепілгерлік немесе кепілдік беруге;

4) қарыздар беруге құқылы.

46. Кәсіпорын оған шаруашылық жүргізу құқығында бекітілген негізгі құралдарға жатпайтын жылжымалы мүлікке дербес билік етеді.

47. Егер Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі немесе меншік иесі өзгеше белгіленбесе, осы Жарғының 45 және 47-тармақтарында көрсетілген мүлікпен жасалған мәмілелерден алынған ақшаны Кәсіпорын дербес пайдаланады.

7. Кәсіпорынның қызметін қаржыландыру

48. Кәсіпорынның қызметі өз табысы және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған тәртіппен алынған бюджет қаражаты есебінен даму жоспарына сәйкес қаржыландырылады.

49. Кәсіпорынның таза табысының бір бөлігін аудару нормативін  жергілікті атқарушы орган  белгілейді.

50. Кәсіпорынның таза табысының бір бөлігі белгіленген нормативтер бойынша Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде белгіленген тәртіппен республикалық бюджетке аударылуы тиіс.

51. Кәсіпорын таза табысының бір бөлігін республикалық бюджетке аударуды корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.

52. Кәсіпорын өзі өндіретін өнімді дербес жүзеге асырады.

53. Кәсіпорын  өндіретін тауарлардың жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағалары Кәсіпорынның оларды өндіруге жұмсаған шығындарын толық өтеуді, оның қызметінің залалсыздығын және өз табыстары есебінен қаржыландырылуын қамтамасыз етуге тиіс.

Бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) көлемі шеңберінде өндірілетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын тиісті саланың Уәкілетті органымен келісім бойынша Кәсіпорын  белгілейді.

54. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған, Кәсіпорынның Жарғысында көзделмеген қызметті жүзеге асырудан осы кәсіпорын алған табыстар, сондай-ақ бюджеттен қаржыландыру есебінен құралған, сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) белгіленген бағаларын көтеру нәтижесінде алынған табыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен бюджетке алып қоюға жатады. Мүлікті бухгалтерлік есеп қағидалары бойынша тиісті түрде көрсетпей пайдалану фактілері анықталған жағдайда, ол да алып қоюға жатады.

8. Кәсіпорынның жарғылық капиталы және резервтік қоры

55. Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері 1070696469 (бір миллиард жетпіс миллион алты жүз тоқсан алты мың төрт жүз алпыс тоғыз теңге)  құрайды.

9. Кәсіпорынның есепке алуы мен есептілігі

56. Кәсіпорынның бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есептілігін жасау Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына және қаржылық есептіліктің тиісті саланың уәкілетті органының  келісімі бойынша халықаралық стандарттарына  сәйкес Кәсіпорынның басшысы бекітетін есеп саясатына сәйкес жүзеге асырылады.

57. Кәсіпорынның жылдық қаржылық есеп беруі бухгалтерлік теңгерімді, табыстар мен шығындар туралы есепті, ақша қозғалысы туралы есепті, өз капиталындағы өзгерістер туралы есепті, түсіндірме жазбаны қамтиды.

58 Кәсіпорын байқау кеңесімен бірге жылдық қаржылық есеп беру аудитін жүргізуге міндетті. Кәсіпорын аудиті байқау кеңесінің, басшының, тиісті саланың уәкілетті органының бастамасы бойынша Кәсіпорын қаражаты есебінен жүргізілуі мүмкін.

10. Кәсіпорынның жауапкершілігі

59. Кәсіпорын өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен  жауап береді.

60. Кәсіпорын өз мүлкін иеленушінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

61. Заңнамалық актілермен Кәсіпорынның міндеттемелері бойынша мемлекеттің  жауапкершілігінің өзге де жағдайлары белгіленуі мүмкін.

11. Кәсіпорын әкімшілігі және оның еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас

62. Кәсіпорын әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас  Қазақстан Республикасының еңбек  заңңамасына сәйкес анықталады.

63. Жұмыс тәртібін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен көзделген кепілдіктерді ескере отырып Кәсіпорын басшысы белгілейді.

12. Кәсіпорын қызметкерлеріне еңбекақы төлеу

64. Кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшерін жыл сайын тиісті саланың Уәкілетті органы  белгілейді.

65. Еңбекақы төлеу нысандарын, штат кестесін, лауазымдық айлықақылар мөлшерін, сыйлықақы беру және өзге сыйақы жүйесін белгіленген еңбекке ақы төлеу қорының шегінде Кәсіпорын дербес айқындайды.

66. Кәсіпорын басшысының, оның орынбасарларының, бас (аға) бухгалтерінің лауазымдық айлықақыларының мөлшерін, оларға сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесін тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) белгілейді.

13. Кәсіпорынның филиалдары, өкілдіктері

67. Кәсіпорын жарғылық мақсаттарын жүзеге асыру үшін өкілетті органның жазбаша келісімімен филиалдар және өкілдіктер құруға құқығы бар.

68. Филиалдар мен өкілдіктер өз қызметтерінде Кәсіпорынға есеп береді.

69. Филиалдар мен өкілдіктер өз қызметтерін Кәсіпорын басшысымен бекітілген филиал (өкілдік) туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

70. Филиалдар мен өкілдіктер басшыларын Мемлекеттік басқару органының келісімі бойынша Кәсіпорын басшысы тағайындайды және оның сенімхаты негізінде жұмыс істейді.

14. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату

71. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша жүргізіледі. Кәсіпорын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен көзделген басқа да негіздер бойынша таратылуы мүмкін.

72. Кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған таратылған Кәсіпорынның мүлкін мемлекеттік мүлік жөніндегі Уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) қайта бөледі. Кредит берушілердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған таратылған Кәсіпорынның ақшасы, Кәсіпорынның мүлкін сату нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, тиісті бюджеттің табысына есептеледі.

15. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

73. Кәсіпорынның Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар тиісті саланың Уәкілетті органының ұсынымы бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі Уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) бұйрығымен енгізіледі. Коммуналдық Кәсіпорынның Жарғысына өзгерістер мен толықтыруларды Жергілікті атқарушы органдар енгізеді немесе оған жергілікті бюджеттен қаржыландыратын, облыстық коммуналдық мүлкіне билік етуге өкілетті атқарушы органға өкілеттік беріледі.

16. Қорытынды ережелер

74. Кәсіпорын осы Жарғыда реттелмегендердің барлығына Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін басшылыққа алады.

75. Осы Жарғы мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап күшіне енеді.

Байланыс мәліметтері

Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы

Стационар:

Протозанов көш.,7, 8(7232) 60-28-01, 20-85-71

Консультативтік-диагностикалық орталығы: Әуезов даңғ., 26,
8(7232) 56-98-99

ШҚОА тіркеу орнының email:

reg_ob@mail.ru
 

Әлеуметтік желілер

//