Науқастардың физикалық және психикалық тыныштығын қамтамасыз ететін ең басты шарттардың бірі – аурухана ішінің тәртібін сақтау.
Біздің емдеу мекемемізде ауруханаішілік тәртіп бар – ол анықталған белгіленген тәртіп. Емдеу-қорғау тәртібінің ең басты шарты науқастың психикасын қорғау, яғни науқастарға физикалық және психикалық тыныштықты қамтамасыз ететін қолайлы жағдайлар жасау.
Ауруханалық тәртіп науқастарды уақытында және дұрыс тамақтандыруды, қажетті емдеу мен санитариялық-гигиеналық іс – шараларын қамтамасыз етеді. Әр бөлімшеде көрнекті жерде күн тәртібі ілініп тұрады, онда:
- Ояну, гигиеналық емшаралардың және ұйықтауға жату уақыты;
- Тамақтану;
- Бөлімшені жинау, желдету;
- Диагностикалық және емдеу кабинеттерінің жұмыс уақыты;
- Науқастарға туыстары мен таныстарының келу уақыты сағат бойынша жазылған және келушілерге арналған тәртіп сақтау қағидалары жазылған.
Карантин кезінде күн тәртібіне өзгерістер енгізілуі мүмкін!
Күн тәртібі:
07.00-07.30 – науқастарды ояту, дене ыстығын өлшеу, гигиеналық гимнастика (жалпы режимдегі науқастар үшін), палаталарды желдету.
07.30 -08.00 – науқастардың жуынуы, бөлімшені жинау.
07.45 -08.00 – кезекшіліктің ауысуы, науқастарды тапсыру, ауыр жағдайдағы және жаңадан түскен науқастар палаталық дәрігерімен алдын ала қарауы.
08.00-08.15 – бөлімшедегі дәрігерлердің таңертенгі конференциясы.
09.00-10.00 – науқастардың таңғы асы, таңертенгі жалпы ауруханалық конференциясы.
09.30-11.00 – емдеуші дәрігердің науқастарды қарап өтуі.
11.00-14.00 – емдеу-диагностикалық жұмысы (зерттеулер, операциялар, таңулар, консультациялар жүргізу, тағайындауларды орындау, науқастарды қабылдау және шығару).
12.30-14.30 – түскі ас, екінші жинастыру, палаталарды желдету.
14.30-16.00 – демалу.
16.00-17.00 – дене ыстығын өлшеу, тағайындауларды орындау, кезекшіліктің ауысуы.
16.00-18.30 – бос уақыт (серуендеу, туыстардың келуі), палаталарды желдету.
18.00-19.00 – кезекші тағайындауларды орындау, кезекші дәрігердің қарап өтуі.
20.00-21.30 – негізгі жинастыру, палаталарды желдету.
21.30-07.00 – ұйқы, стационардағы ауыр жағдайда жатқан науқастарға түнгі бақылау мен күтім.
Стационарда жатқан кезде науқасқа спиртті ішімдіктерді ішуге және шылым шегуге тыйым салынады.
Емдеу-күзету тәртібін бұзған жағдайда науқас стационардан шығарылады.