АҚПАРАТ
ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!!!
Емдеуге жатқызу бюросының негізгі мақсаты – «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 77-бабына сәйкес азаматтардың медициналық ұйымды еркін таңдау құқықтарын қамтамасыз ету, сондай-ақ медициналық ұйымның қолжетімділігі мен бұл процедураның ашықтығы.
Емдеуге жатқызу бюросының порталы (https://bg.eisz.kz/#/Start) – емделуші ауруханаға жатқызудың алдын ала шарттары туралы ақпаратты ала алатын интернет-ресурс.
Егер емделушіде ауруханаға жатқызу коды бар медициналық жолдама болса, онда ол облыстық және республикалық емханалардың ағымдағы кезектерін көре алады.
Төтенше жағдайларда ауруханаға жатқызу дәрігерлік амбулатория мамандарының жолдамасының болуына қарамастан шұғыл түрде жүзеге асырылады.
Стационарға жоспарлы түрде емделуге жатқызу тәртібі
Жоспарлы емделуге жатқызу – шұғыл медициналық араласуды қажет етпейтін созылмалы ауруларға және өмірге қауіпті емес жағдайларға көрсеткіштер (анықталған жағдайда) болған кезде дәрігердің науқасты стационарға емделуге жіберуі.
Жоспарлы емдеуге жатқызу емделушінің медициналық ұйымды таңдауын ескере отырып, бірнеше күн ішінде Емдеуге жатқызу бюросының порталы арқылы жүзеге асырылады.
Жоспарлы түрде емделуге жатқызу үшін қажет:
Тұрғылықты бекітілген емханаңыздағы дәрігермен кеңесу. Көрсеткіштер болған жағдайда емхананың емдеуші дәрігері тексеру жүргізеді, ауруды диагностикалау үшін қажетті зерттеулерді толық көлемде тағайындайды.
емханада (қажетті) тексеруден өту.
Емдеуші дәрігер стационардың бөлімше меңгерушісімен бірге науқасты емдеуге жатқызу қажеттілігі туралы шешім қабылдайды.
Дәрігер жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу көрсеткіштерін анықтаған кезде емделуші дәрігерге қайсы медициналық ұйымды таңдағаны жөнінде айтуы керек.
Егер ауруханаға жатқызу қажеттілігі туралы шешім қабылданса, дәрігер жолдама рәсімдейді (денсаулық сақтау ұйымын таңдау кезінде науқастың тілектерін міндетті түрде ескереді).
Аурухананы еркін таңдау бойынша жоспарлы емделуге жатқызу үш механизм бойынша жүзеге асырылады:
1) стационар маманының жоспарлы емдеуге жатқызу күнін анықтауы (науқасты стационар белгілеген күннен кейін 2 күн ішінде емдеуге жатқызуға жібереді).
2) емделушілер өз бетімен медициналық көмекке жүгінген жағдайда стационардың қабылдау бөлімшесі маманының жоспарлы емдеуге жатқызу күнін анықтауы және стационар басшысының науқасты осы стационарға жатқызу туралы шешімі (халықтың әлеуметтік қорғалмаған санаттары үшін);
3) жоспарлы емделуге жатқызу күнін автоматты түрде анықтау (емделушіге тіркелген күні ауруханаға жатқызуға жолдама беріледі).
Ауруханаға жоспарлы түрде емделуге жатқызу кезінде емделушінің өзімен бірге келесі құжаттар болуы керек:
• жеке куәлік (төлқұжат);
• барлық талдаулар мен диагностикалық зерттеулердің нәтижелері,
• жоспарлы емдеуге жатқызуға жіберген медициналық ұйымның жолдамасы.
Бүкіл құжаттар толық болмаған жағдайда ауруханаға жатқызу мүмкін емес және аурухана стационарға жатқызудан бас тартуға құқылы екенін есте ұстаған жөн!
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде қызметтер тегін көрсетіледі.
Ауруханаға жатқызу тәртібі туралы сұрақтарыңыз болса, келесі ұйымдардың жауапты тұлғаларына хабарласуға болады:
Лауазымы
|
Телефон №
|
Кабинет №
|
ДСБ ШҚО ШЖҚ КМК «Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы», бас дәрігердің медициналық бөлімі бойынша орынбасары. | 8(7232)60-26-22 | Протозанова көшесі,7. Қабылдау бөлімі |
Ауруханаға жатқызу бюросы (ҚР ДСМ «Республикалық электронды денсаулық орталығы» ШЖҚ РМК ШҚ бойынша облыстық филиалы) | 8(7232)61-02-57 | Серікбаев к-сі,1, 3 корпус |
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ ШҚО филиалы | 8(7232)56-07-20 | Қ.Сатпаев даңғылы, 62 4 қабат |
«Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ | 8(7232)52-32-38 | Қазыбек би даңғылы, 11 502 каб. |