?Naqty Ónım? мобильді қосымшасы арқылы кез келген дәріні бірден тексеруге болады.
Қаптамадағы QR-кодты сканерлеген кезде сіз дәрінің шекті бағасын, оның заңды түрде әкелінгенін және барлық қосымша ақпаратты көре аласыз.
Егер дәріханада баға нормадан жоғары болса, қосымшада бірден шағым жіберетін арнайы батырма бар — өтініш автоматты түрде бақылау департаментіне жолданады.
2024 жылдың шілдесінен бастап Қазақстанда барлық дәрілік заттар міндетті түрде таңбаланады. Бұл жүйе азаматтарды қолдан жасалған дәрілерден және тегін берілетін препараттардың заңсыз сатылуынан қорғайды.
Naqty Ónım — дәрінің қауіпсіз әрі түпнұсқа екеніне оңай көз жеткізетін цифрлық құрал!
@kmfk_mzrk @healthcare.gov.kz
