Стационар:
Протозанов көш., 7,
8(7232) 60-28-01, 20-85-71,
706204, 87055698998
Жұмыс уақыты: тәулік бойы

Консультативтік-диагностикалық орталығы: Әуезов даңғ., 26, 8(7232) 56-98-99, 87010569889
8707-569-89-98, 8776-569-89-98
ШҚОА тіркеу орнының email: reg_ob@mail.ru
Жұмыс уақыты: 8.00 – 17.00

24.11.2024

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда 1300-ден астам денсаулық сақтау нысандары салынды

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда мемлекет қаражаты есебінен 1312 денсаулық сақтау оъектілері салынып, қолдануға берілді, соның ішінде: 8 медициналық ғылыми орталықтары, 32 арнайы медициналық орталықтар, 176 аурухана, 144 емхана, 907 амбулатория және 45 арнайы денсаулық сақтау объектілері (қан орталықтары,  патологоанатомиялық бюро және тб.) 

Барлық медициналық нысандардың 87%-ын алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін ұйымдар құрайды.

Мынадай ірі медициналық ұйымдар құрылған, олар: Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы, Республикалық балаларды оңалту орталығы, Республикалық диагностикалық орталық,  Ұлттық нейрохирургия орталығы, Ұлттық ғылыми онкология және трансплантология орталығы, Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы және т.б.

2001 және 2007 жылдардағы Қазақстан халқына Жолдауында айтылған Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау барысында, «100 мектеп жән 100 аурухана салу» жобасы іске асырылды және жалпы құны 360 млрд. теңге «350 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункт және емхана салу» жобасының іске асырылуы аяқталуға жақын қалды.

Ағымдағы жылғы 1 қарашадағы мәлімет бойынша жоғарыда көрсетілген жобалар аясында 441 денсаулық сақтау нысандары салынды, соның ішінде: Ақмола облысында-19, Ақтөбе облысында-26, Алматы облысында-48, Атырау облысында-31, Шығыс-Қазақстан облысында-32, Жамбыл облысында-32, Батыс Қазақстан облысында-21, Қарағанды облысында-31, Қостанай облысында-20, Қызылорда облысында-32, Маңғыстау облысында-31, Павлодар облысында-23, Солтүстік Қазақстан облысында-8, Оңтүстік Қазақстан облысында- 66, Алматы қаласында-12, Астана қаласында - 9.

Қазіргі уақытта 65 денсаулық сақтау нысандардың салынуы жалғасуда, соның ішінде 2017 жылы 39 және ағымдағы жылы 26 нысанды аяқтау жоспарлануда.

Денсаулық сақтау ұйымдары желісін ары қарай дамыту үшін ҚР ДСӘДМ сарапшыларымен ағымдағы жылы қолданыстағы медициналық ұйымдардың жағдайына  картографиялау және түгендеу жүргізілді, ол 8  мыңнан астам нысандар. Қазақстан-Британ техникалық университеті мамандарымен бірігіп «Медициналық көмек көрсетуді өңірлер бөлінісінде және деңгейінде денсаулық сақтау инфрақұрылымын одан әрі дамыту жоспары»  ақпараттық жүйесін әзірлеу жұмыстары басталды.  

Денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымын одан әрі дамытуда бюджеттік шығындардан басқа мемлекеттік-жеке-меншік әріптестік, сенімгерлік басқару және жекешелендіру механизмдері арқылы жеке сектордағы ресурстар тартылатын болады.

Көзі материалдық mzsr.gov.kz

Добавить комментарий

Байланыс мәліметтері

Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы

Стационар:

Протозанов көш.,7, 8(7232) 60-28-01, 20-85-71

Консультативтік-диагностикалық орталығы: Әуезов даңғ., 26,
8(7232) 56-98-99

ШҚОА тіркеу орнының email:

reg_ob@mail.ru
 

Әлеуметтік желілер

//