Медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту және медициналық ұйымдардың қызметінің айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2017 жылғы 18 мамырдағы №309 бұйрығымен, 2015 жылғы 10 наурыздағы №127 бұйрығымен бекітілген денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережелеріне өзгерістер енгізілді.
Өзгерістер аккредиттеуді өткізу тәртібін, медициналық ұйымдардың сыртқы кешенді бағалауын өткізу талаптарын, медициналық қауымдастық сарапшыларын аккредиттеуін қамтыды. Жеке тұлғалардың аккредитттеуі жойылды және аккредиттеуден кейінгі мониторинг процесі өзгертілді.
Бұйрықтың жобасы 13 аккредиттеуден өткен жеке кәсіпкерлік субъектілерімен келісілгендігін, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП сараптамалық қорытындысы алынғанын атап өткен жөн.
Көзі материалдық mz.gov.kz