"Сақтандырылмаған азаматтардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алу құқығын 1 сәуірден 1 шілдеге дейін ұзартуды тапсырамын. Осы кезеңде медициналық мекемелерде азаматтарға қызмет көрсету МӘМС қатысушысы мәртебесіне қарамастан толық көлемде жүзеге асырылуы тиіс", - деп атап өтті Қ. Тоқаев коронавирусқа қарсы күрес жағдайындағы дағдарысқа қарсы шаралар бойынша өзінің мәлімдемесінде.⠀
⠀
Естеріңізге сала кетейік, бұрын қабылданған шешімге сәйкес барлық азаматтар медициналық көмекті 2020 жылдың 1 сәуіріне дейін "шартты түрде сақтандырылған" мәртебесінде ала алды. Енді ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін елдің барлық тұрғындары маманның көрсеткіштері мен жолдамасы бойынша ТМККК және МӘМС пакеттері шеңберінде оларға тиесілі медициналық қызметтерді кедергісіз алуды жалғастырады.⠀
⠀
Осы кезеңде азаматтар өздерінің сақтандыру мәртебесін анықтап, МӘМС қатысушысы болу керек. Медициналық сақтандыру жүйесінде үйден шықпай-ақ онлайн төлемдер (мысалы, "Қазпошта" сайты мен қосымшасы, kassa24.kz сервисі, Smart Astana немесе Kaspi.kz мобильдік қосымшалары) көмегімен сақтандырылуға болады.⠀
Коронавирус індеті жағдайында барлығын өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, гигиена ережелерін мүлтіксіз сақтауға, мүмкіндігінше үйде қалуға және айналасындағылармен ара қашықтықты ұстануға шақырамыз.