Стационар:
Протозанов көш., 7,
8(7232) 60-28-01, 20-85-71,
706204, 87055698998
Жұмыс уақыты: тәулік бойы

Консультативтік-диагностикалық орталығы: Әуезов даңғ., 26, 8(7232) 56-98-99, 87010569889
8707-569-89-98, 8776-569-89-98
ШҚОА тіркеу орнының email: reg_ob@mail.ru
Жұмыс уақыты: 8.00 – 17.00

24.11.2024

Тұмау мен тыныс жолдарының вирусты жұқпаларынан өзіңді қалай қорғауға болады

ЖАДЫНАМА!

 

ТЖВЖ мен тұмау – жұқпалардан туындайтын тыныс жолдарының кең таралған аурулары. Олар науқас адамнан ауалы-тамшылы жолымен жұғады.

Суық тиген кездегі негізгі шағымдары: тұмау, тамақтың жыбырлауы, дауыстың қырылдауы, жөтел, дене ыстығы көтерілуі, әлсіздік, бұлшықеттің ауырсынуы және т.б.

Балалар ТЖВЖ мен тұмаумен ауырған кезде құсып, іші өтуі және қиын демалуы мүмкін.

Суық тиген кездегі алғашқы көмек:

1. ТЖВЖ мен тұмаудың бірінші белгілері пайда болған кезде медициналық көмекке жүгіну қажет – дәрігерді үйге шақыру;

2. Үйде қалып, төсек режимін сақтау қажет;

3. Сұйықты көбірек ішу керек: лимон, таңқұрай, бал қосылған шай, жылы сүт, морс, компот;

4. ТЖВЖ мен тұмаудың бірінші күндерінде вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер алдын алу тиімді заттары болып табылады (арбидол, лавамакс, интерферон, оксолин жақпа майы, мұрынды шаюға арналған тұзды ерітінділер (тамшылар, спрей).

ТЖВЖ мен тұмаудың таралуын ескерту:

1. Үй-жайды күн сайын ылғалы жинастыру және жиі желдету (күніне 3 реттен кем емес);

2. Жеке гигиена қағидаларын сақтау, жиі қол жуу;

3. Мұрын қабатын оксолин жақпа майымен жағу, әсіресе үйден шығар алдында;

4. ТЖВЖ мен тұмаумен сырқаттанушылықтың көтерілу кезеңінде адамдар көп жиналатын жерлеріне бармауға;

5. Тоңбау, табиғи жағдайларына сәйкес киіну;

6. Бір реттік медициналық бетпердені қолдану ;

7. Уақытында тұмаудан вакцинацияны жасау.

 

Жүкті әйелдерде мен балаларда ТЖВЖ мен тұмауды алдын алуға ерекше назар аударуға қажет!

 

1. ТЖВЖ мен тұмаумен сырқаттанушылықтың көтерілу кезеңінде (күзгі-қысқы мерзім) үйден шығар алдында және жанұяда ТЖВЖ мен тұмаумен ауырған науқас адам болған жағдайда міндетті түрде бетперде кию;

2. Адамдар көп жиналатын жерлеріне бармауға (Халыққа қызмет көрсету орталықтары, вокзалдар, әуежайлар, көпшілік көліктер, супермаркеттер, бала бақшалар, мектептер);

3. ТЖВЖ мен тұмаудың бірінші белгілері пайда болған кезде күндізгі уақытта үйге дәрігерді (педиатр және терапевт) және түнгі уақытта – жедел жәрдемді шақыру;

4. Дәрігердің ұсынысы бойынша уақытында тұмауға қарсы вакцинацияны жасау;

5. Өзін-өзі емдеуге болмайды;

6. Жүктілік кезеңінде иммунитет әлсірейді, сондықтан ТЖВЖ мен тұмаумен ауырғанда ауыр асқынулар болуы мүмкін туралы есте сақтау қажет (бронхит, пневмония, түсіктер, мезгілінен ерте босану асқынуларымен);

7. Уақытында көмекке жүгінбеген жағдайда ТЖВЖ мен тұмаудың асқынулары өлімге әкелуге мүмкін!

8. ТЖВЖ мен тұмауды алғашқы алдын алу үшін қобдишасын қалыптастыру қажет (термометр, бетперделер, аскорбин қышқылы, арбидол, ингавирин, анаферон, лаваммакс, интерферон, оксолин жақпа майы, мұрынды шаюға арналған тұзды ерітінділер (тамшылар, спрей).

Тек ғана дәрігер Сізді жеке қарағаннан кейін емдеуді тағайындайды! Өзін-өзіңізді емдемеңіз, ол Сіздің денсаулығыңызға қауіпті. Өзін-өзіңізді сақтаңыз және сау болыңыз!

Байланыс мәліметтері

Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы

Стационар:

Протозанов көш.,7, 8(7232) 60-28-01, 20-85-71

Консультативтік-диагностикалық орталығы: Әуезов даңғ., 26,
8(7232) 56-98-99

ШҚОА тіркеу орнының email:

reg_ob@mail.ru
 

Әлеуметтік желілер

//