Бөлімшеде эндоскопиялық зерттеулер бюджет және ақылы негізінде жүргізіледі.
ШҚО аудандарының тұрғындары диагностикалық орталығының консультативтік бөлім дәрігерлерімен берілген жолдамаларына сәйкес тегін қаралады. Жолдамада зерттеудің күні мен уақыты көрсетіледі.
Өскемен қаласының, сондай-ақ басқа да елді мекенінің тұрғындары консультативтік дәрігерлерінің жолдамаларынсыз зерттеуден тек ғана ақылы негізінде өте алады.
Маңызды: Эндоскопиялық зерттеулер диагностиканың инвазивті әдістері болып табылады – зерттеу жүргізген кезде эндоскоп адам ағзасының қуыстарына енгізіледі. Бұл ретте жүрек-қантамырлық және неврологиялық ауруларымен ауыратын адамдарда осы аурулардың асқынулары мүмкін: артериялық және бас сүйек ішіндегі қысым кенет көтерілуі, жүрек ырғағы бұзылуы, стенокардия ұстамасы басталу және т.б., сондықтан 45 жастан асқан адамдарға эндоскопиялық зерттеу жүргізу үшін, сондай-ақ кардиолог-дәрігерде есепте тұрған адам зерттелуге дейін 3 айдан ерте емес түсірген және функциялық диагностиканың дәрігерімен сипатталып ЭКГ қолында болуға тиіс.
Эндоскопиялық зерттеулер:
-
психикалық аурулармен ауыратын адамдарға;
-
құрыстыратын синдромымен аурулары бар адамдарға;
-
миокард инфарктін жіті сатысында бастан өткерген пациенттерге;
-
1 жыл ағымында инсультті бастан өткерген пациенттерге.
Күрделі жағдайларда эндоскопиялық зерттеуді жүргізуге мүмкіндігі туралы кардиолог-дәрігер шешеді.