http://new.vkoob.kz/kz/zha-aly-tar/bejne-zha-aly-tar/130-zha-aly-tar2/1045-sh-oblysty-aurukhanasynda-ginekologiya-b-limi#sigProId9b847536f4
ШҚ облыстық ауруханасының гинекология бөлімшесінде келесі гинекологиялық аурулары бар науқастарға жоғары кәсіби медициналық көмек көрсетіледі:
* жатыр миомасы;
* аналық бездердің қатерсіз ісіктері (кисталар, кистомалар және т. б.);
* жыныс мүшелерінің пролапсы (түсіп қалуы, төмен түсуі) ;
* бедеулік;
*жатырдан тыс жүктілік, тоқталған жүктілік;
* іріңді қабыну процестері;
* эндометриоз;
* жүктілікті тоқтату қаупі және басқа асқынулары (22 аптаға дейін).
✔️Ерікті хирургиялық стерилизация және интимдік пластика қолданылады.
❗Бірнеше жылдан бері жатыр миомасын емдеу үшін жоғары технологиялық әдіс сәтті қолданылып келеді - жатыр артерияларын эмболизациялау (ЖАЭ). Әдістің мәні-миомалық түйінді нәрлендіретін жатыр артерияларын тығындау, бұл оның өзіңдік сіңірілуіне әкеледі. Мұндай емдеу науқастың жатырын сақтайды, жүкті болуға және баланы көтеруге мүмкіндік береді.
☝️Гистероскопия көмегімен жатыр ішілік патологияны диагностикалау және емдеу үшін -эндоскопиялық әдіс қолданылады, онда оптикалық құрылғы жатыр қуысына енгізіледі, ол компьютер экранында жатыр қуысы мен жатыр түтіктерінің аймағы жағдайын егжей - тегжейлі қарастыруға және қажет болған жағдайда іш қуысын кеспей хирургиялық манипуляциялар жүргізуге мүмкіндік береді (биопсияға материал алуға, әртүрлі патологиялық тіндерді алып тастауға -полиптерді, кисталарды, миомаларды, ✔️қосындыларды және т.б.).
Бөлімшеде емделушілерге бюджеттік және ақылы негізде шұғыл және жоспарлы көмек көрсетіледі. Бөлімше тел.: 26-74-26, 26-47-71.
?Бөлімше меңгерушісі Наталья Михайловна Удалова диагностикалық орталықта қабылдауды сейсенбі күні сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін жүргізеді. Телефон арқылы жазылу: 25-44-22.
Мемлекеттік лицензия №0179655, 19.05.2011 ж. ММ "ШҚОДСБ" берілді.