http://new.vkoob.kz/kz/zha-aly-tar/bejne-zha-aly-tar/130-zha-aly-tar2/1050-sh-o-densauly-sa-tau-bas-armasyna-zha-a-basshy-ta-ajyndaldy#sigProId06b9b0b3d1
ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің өкімімен бұл лауазымға Жайық Жұмаханов тағайындалды. Бұған дейін ол Өскемендегі Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасының бас дәрігері қызметін атқарған.
⠀
Жайық Жұмаханов 1969 жылы 14 маусымда Семей облысы, Аягөз ауданы, Сергиполь ауылында дүниеге келген. 1994 жылы Семей медициналық институтын бітірген.
⠀
Еңбек жолын 1994 жылы Семей қаласындағы облыстық клиникалық аурухананың анестезиолог – реаниматологы болып бастады.
2001 жылдан Аягөз қаласындағы «Қазығұл» медициналық мекемесінде аға дәрігер, анестезиолог болып жұмыс істеді. 2002 жылы осы мекеменің директоры болып тағайындалды.
2008 жылдың шілде айынан бастап «Аягөз ауданының медициналық бірлестігі» КМҚК директоры болды.
⠀
2013 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Өскемендегі «Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы» КМК бас дәрігері міндетін атқарып келді.