http://new.vkoob.kz/kz/zha-aly-tar/bejne-zha-aly-tar/130-zha-aly-tar2/1447-patsientterdi-oldau-yzmetine-ne-shin-zh-ginu-azhet#sigProId1145afaa65
✅ Бұл жүгінудің ең ыңғайлы тәсілі - мәселені бірден орнында шешуге болады, ешқайда барудың немесе қоңырау шалудың қажеті жоқ;
✅ Қызмет мәселені медициналық ұйымнан тыс шығармай-ақ, өз ішінде шешуге мүдделі;
✅ Қызмет өзінің медициналық ұйымындағы жағдайды, оның ішіндегі кемшіліктер мен қиындықтарды біледі, сондықтан туындаған мәселені тезірек шешеді;
✅ Қызмет барлық қажетті ақпаратқа, ақпараттық жүйелерге қол жеткізе алады;
✅ Қызмет өзінің медициналық ұйымының медициналық қызметкерлерімен таныс және дәрігермен келіссөздер жүргізу арқылы белгілі бір мәселелердің шешілуіне ықпал етуі мүмкін;
✅ Түсіндіру, кеңес беру сипатындағы мәселелер орын алған жағдайда Қызмет қызметкерлері жүгінушінің мәселесін тез шеше алады;
✅ Басшылыққа тікелей жақын орналасқан Қызмет анықталған бұзушылықтар туралы және оларды жою бойынша жедел шаралар қабылдау үшін оған хабарлай алады;
✅ Мәселені шешу жалпы аз уақытты алады;
Егер Сіздің сұрағыңызды Пациенттерге қолдау көрсету және ішкі сараптама қызметі шешпеген жағдайда, Сіз әрқашан қолда бар байланыс арналары арқылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жүгіне аласыз: Ресми fms.kz сайты, 1406 байланыс орталығы, Telegram-дағы Qoldau 24/7 және SaqtandyryBot мобильді қосымшасы.