Стационар:
Протозанов көш., 7,
8(7232) 60-28-01, 20-85-71,
706204, 87055698998
Жұмыс уақыты: тәулік бойы

Консультативтік-диагностикалық орталығы: Әуезов даңғ., 26, 8(7232) 56-98-99, 87010569889
8707-569-89-98, 8776-569-89-98
ШҚОА тіркеу орнының email: reg_ob@mail.ru
Жұмыс уақыты: 8.00 – 17.00

24.11.2024

Денсаулық зор байлық


Сөз барысында денсаулық саласындағы Ұлы адамдардың ісі есіме түсіп айта кеткенді жөн көрдім.
Медицинаның атасы Гиппократ/ежелгі Грек халқының Ұлы дәрігері, данышпан философ/ дүниежүзінде алғаш рет адамды емдеу жолын және адам денесінің құрылымын ғылыми негізде дәлелдеген ғалым еді.Міне оның мәңгілік өлмес, өшпес еңбектері күні бүгін де медицина ғылымының қайнар басы болып есептеледі.
Ал, Әбу Эли Ибн Сина /Парсы ғалымы,дәрігерлердің патшасы,ойшыл,ақын, сазгер,математик,ұлықпан, ұлы дәрігер/аурудың сыртқы орта жағдайына байланысты болатынын және әр науқастың өзіне тән ерекше ем қолдану керек екенін айтқан болатын. Ол аурудың үш кезеңіне бөлінетінін ашып берді. Біріншісі жасырын кезеңі, екіншісі нағыз ауру кезеңі, ал үшіншісі айығу кезеңі.
Міне адам денсаулығының сыры оны емдеу мәселесі осында жатыр.Осы кезеңдердің бәрі кез келген дәрігердің анықтауымен шешіледі яғни, диагноз қояды.Емдеу басталады, көмек көрсетіледі.Емдейді.
Сол аурулардың бір түрі көз ауруы.Көз туралы көп нәрсені айтуға болады.Ең жылдам бұлшық еттер-— көз қабығының бұлшық еттері.Көз өте сезімтал органдардың бірі, адам денесіндегі басты орган. Иә, адам денсаулығы бәрінен қымбат.
Осы салада, бүгінгі таңда Денсаулық сақтау министрлігі жасаған «Денсаулық сақтауды реформалау және дамыту» Мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарламаның мақсаты медициналық көмек көрсетудің тиімді жүйесін жасау болып табылады.
Осы орайда, Өскемен қаласы облыстық ауруханасының көз емдеу бөлімі өз жұмыстарын жүйелі әрі өте тиімді атқаруда. Бұл жағдайды мен өзім көзім ауырып, осы ауруханада ота жасатқанда білдім/таныстым, мән — жайды ұқтым. Көп жылдар бойы осында қызымет атқаратын дәрігерлер, мейіргерлер тәжірибе жинақтап, өз істеріне әбден машықтанып алған.
Бөлім меңгерушісі Мағауянов Тынысбек Еркенқазыұлы Семей қаласындағы Мемлекеттік медицина университетінің түлегі. Көз бөлімінде дәрігер хирург болып жұмыс жасағанына тоғыз жылдан аса уақыт болған. Офтальмолог дәрігер Тынысбек Еркенқазыұлы осы уақыт ішінде көптің алғысына, ризашылығына бөленіп, мақтауларға ие. Көз микрохирургия әдісімен ота жасауды өте жақсы, шебер меңгеріп алған. Жүзі жылы, сыпайы мейірімділік өз мінез -- құлқынан байқалады. Ақ халатты абзал жан -- дәрігерлікті өз қалауы бойынша дұрыстаңдаған мамандығы екендігі көрініп тұр. Қолы жеңіл, сөзі орнықты, сөзбен істің арасында алшақтық жоқ, сенімді дәрігер -- хирург.
Тынысбек жас дәрігер ретінде өз білімін, тәжірибесін одан әрі жетілдіру мақсатында Алматы, Астана қалаларына бірнеше рет барып арнайы курстардан өткен.Тынысбек менің көзіме жарты сағат мөлшерінде /глаукома / ота жасады. Ота өте сәтті өтті. Маманданған хирург екендігі көрініп тұр.
Операция бөлмесі тап -- тұйнақтай. Көзім көріп байқағаным, жаңа үлгідегі ота үстелі /ауру адамдарды жатқызатын / көздің ауруларын анықтайтын түрлі аппараттар,жаңа нысанды операция шамы, хиругиялық жап жаңа құрал жабдықтар тағы басқадай көптеген медициналық құралдар болды.
Осындағы мейіргерлер де өз қызыметін абыроймен атқарып жүр. Олар, Лоншакова Елена Анатольевна, Грищенко Ирина Александровна, Ширшикова Светлана Ивановна.
Сондай ақ, санитарлар Петрячко Тамара Николаевна, Головко Галина Петровна, Шапавалова Марина Викторовна, Иванова Татьяна Федоровна — ауруханадағы палаталардың, дәліздің, барлық кеңселердің, тағы басқа аулалардың тазалығын бақылап, оларды ретке келтіріп отырады. Төсек орындарды ауыстыру, жатқан науқастарға тамақ тасу, әкелу де солардың үлесінде. Барлығы да онды көзқараста, жарамды мінездерімен аурудың көңілінен шығады.
Осындай аурухана қызметкерлеріне зор табыс, денсаулық, жанұяларына бақыт тілеймін.
Көп рахмет айта отыра, көз емдеуде жемісті еңбек ете берулеріңізді тілеймін. Ауырмайық ағайын.
МҰРАТ ӘШІРБАЕВ, 2023 жыл.

Добавить комментарий

Байланыс мәліметтері

Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы

Стационар:

Протозанов көш.,7, 8(7232) 60-28-01, 20-85-71

Консультативтік-диагностикалық орталығы: Әуезов даңғ., 26,
8(7232) 56-98-99

ШҚОА тіркеу орнының email:

reg_ob@mail.ru
 

Әлеуметтік желілер

//