http://new.vkoob.kz/kz/zha-aly-tar/bejne-zha-aly-tar/130-zha-aly-tar2/1842-zh-rek-tamyrlaryn-stentteu#sigProId7715237597
☝️Жүрек тамырларын стенттеу-бұл коронарлық артериялардағы операция. ❗Бұл холестеринді түйіндікпен бітелген кезде артериялардың өткізгіштігін қалпына келтіру үшін қажет. Ол үшін жергілікті анестезиямен сан артериясын тесіп зақымдалған тамырына металл қаңқасы – стентті енгізеді. Бұл қабырғалардың жабылуына жол бермейді және қалыпты қан ағымын қамтамасыз етеді.
📌Стенттеу алдындағы сөзсіз және міндетті зерттеу - коронарлық ангиография - жүректің тамырларын зерттеу әдісі, оған коронарлық тамырларға рентгенконтрастты зат енгізіледі, тамырларды толтырып, арнайы аппаратпен – ангиографпен - түсірілген рентгенограммадағы барлық патологиялық өзгерістерді көруге мүмкіндік береді - коронарлық тамырлардың тарылуы, тромбалары, стенозы және т.б.
☝️ШҚ облыстық ауруханасында стенттеуді, коронарографияны шұғыл және жоспарлы түрде, бюджеттік негізде тәжірибелі эндоваскулярлық хирургтар жүргізеді.
⚠️Сіздің жағдайыңызда стенттеу қажеттілігін көрсететін коронарографияға жолдаманы кардиологтан алуға болады. 📌Диагностикалық орталықтың кардиологтарының қабылдауына жазылу тел: 56-98-99, 8-776-569-89-98..