Стационар:
Протозанов көш., 7,
8(7232) 60-28-01, 20-85-71,
706204, 87055698998
Жұмыс уақыты: тәулік бойы

Консультативтік-диагностикалық орталығы: Әуезов даңғ., 26, 8(7232) 56-98-99, 87010569889
8707-569-89-98, 8776-569-89-98
ШҚОА тіркеу орнының email: reg_ob@mail.ru
Жұмыс уақыты: 8.00 – 17.00

24.11.2024

Құтырма


🔰Құтырма - ауру жұқтырған жануардың тістеуінен кейін пайда болатын, жүйке жүйесіне қатты зақым келтіретін және адам қазасына апаратын аса қауіпті жұқпалы ауру.
Құтырмамен ауырған хайуандар тістегенде, тырнағанда немесе терінің жарақаттанған жеріне сілекейі жағылуы арқылы адамға, сол сияқты басқа хайуандарға да жұғады.
🔰Қазақстан аумағында құтырма ошағының екі түрі кездеседі: табиғи түрі - жабайы хайуанаттар арасында айналымда болады (түлкі, қасқыр, қарсақ, кеміргіштер), сонымен қатар антропургиялық түрінде үй жануарлары арасында да (ит, мысық, сиыр, қой, жылқы, түйе т.б.).
🔰2023 жылы облыстың 4 ауданының 7 ошағында анықталды (Глубокое, Катонқарағай, Тарбағатай және Алтай аудандары), онда 13 ауру жануар (2 Түлкі, 1 жылқы, 2 ұсақ мал, 8 ірі қара) анықталды. Ошақтарда аурушаңдыққа шалдыққан жануарлармен байланыста болғандар аңықталып, оларға құтырмаға қарсы иммундау жүргізілді. 2024 жылдың 3 ай аралығында эпизоотиялық ахуал тұрақты.
📌Алдын алу іс-шаралары:
Жануарлар тістеген барлық адамдар тістеген жерді дереу сабынмен және сумен 15-20 минут (кем дегенде) бойы жууы керек, жараның шеттерін 70% спиртпен немесе 5% йод тұнбасымен өңдеп, құтырмаға қарсы иммундау тегін жүргізілетін медициналық мекемеге мүмкіндігінше ертерек жүгінуі қажет.
Егер мүмкіндік болмаса, онда шұғыл түрде антирабиялық көмек көрсететін медициналық мекемеге жүгіну қажет. Сіз осындай мекемелердің тізімін және олардың мекен-жайларын біздің Департаменттің веб-сайтынан тексере аласыз (бұл негізінен ірі ЕПМ травматологиялық немесе хирургиялық кабинеттері).
Естеріңізге сала кетейік, антирабиялық көмек тегін көрсетіледі!!!

Добавить комментарий

Байланыс мәліметтері

Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы

Стационар:

Протозанов көш.,7, 8(7232) 60-28-01, 20-85-71

Консультативтік-диагностикалық орталығы: Әуезов даңғ., 26,
8(7232) 56-98-99

ШҚОА тіркеу орнының email:

reg_ob@mail.ru
 

Әлеуметтік желілер

//