Бүгін ҚР Парламент Сенатының пленарлық отырысында депутаттар бірінші оқылымда «Қазақстан Республикасы және Халықаралық даму және қайта құру банкі арасында (әлеуметтік медициналық сақтандыру жобасы бойынша) заем туралы Келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қабылдады.
Сенатордың алдында сөз сөйлеген ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов «Ұлттық әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізуді қолдау» жобасының бірінші компоненті аясында міндетті медициналық сақтандыру қорына институционалдық қолдау көрсетілетін болады; тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен сақтандыру пакеті шеңберінде медициналық көмектің көлемі анықталады; азаматтарды сәйкестендіру және МӘМС жүйесінде мәртебесін анықтау үшін денсаулық сақтау және өзге де ведомстволардың электронды жүйесімен Қордың ақпараттық жүйесі біріктіріледі; медициналық қызметтердің тарифін құру жүйесі жетілдіріледі; дәрілік заттарға баға белгілеу халықаралық әдістері; көрсетілген медициналық қызметтің көлемі мен сапасын бақылау тетіктері енгізіледі.
«2 - компоненттің шаралары «Әлеуметтік медициналық сақтандырудың ұлттық жүйесін енгізуді қолдау үшін медициналық көмекті көрсету жүйесін бекіту» (компонент 2.1.) қоғамдық денсаулық сақтау қызметін бекітуге және қалыптастыруға бағытталады. Бұл емханалар базасында 16 медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталықтарын жабдықтау мен құру; мемлекеттік-жекеменшік серіктестік тетіктерінің есебінен стационарлы және амбулаторлық-емханалық қызметтерінің құрылымын қайта қарау шеберлік-жоспарлардың негізінде желіні дамыту жоспарларын іске асыру; Көлік медицинасының үйлестіру орталығының мамандарын оқыту мен денсаулық мәселелері жөніндегі байланыс орталықтарының бірыңғай жүйесін құру»,-деді Елжан Біртанов.
Сондай-ақ, министр 2.2 - компоненті аясында 600-ге жуық медициналық ұйымдар медициналық жабдықтар мен медициналық маңызы бар құрылғылармен жарақтандырылатынын, Қазақстанның барлық аймақтарында ауруларды басқару бағдарламасын енгізу жалғасатынын және 200 емхана зертханалық және қолайлы медициналық құрылғылармен жарақтандырылатынын; Медициналық қызметтердің сапасы бойынша біріккен комиссияны (МҚСБК) медициналық көмек, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және медициналық білім саласында шешім қабылдайтын өзін-өзі реттейтін ұйымға айналдыруға қолдау көрсету үшін кәсіби медициналық бірлестіктердің әлеуеті артатынын жеткізді.
2.3-компонентіне медициналық білімді басқару жүйесін жаңғырту бойынша колледждер мен жоғары оқу орындарымен стратегиялық серіктестігі, бакалавриат пен магистратурада Қазақстан-финдік үлгіде екі дипломды үлгісін енгізу, білім беру бағдарламалары мен университеттік клиникаларда жаңа үлгіні құру; денсаулық сақтау саласының мамандарын сертификаттау жүйесін жетілдіру және лицензиялау жүйесін енгізу арқылы медициналық қызметкерлердің дағдылары мен білімдерін тәуелсіз бағалау жүйесін дамыту және мамандардың бірыңғай есебін жүргізу үшін денсаулық сақтау қызметкерлерін кәсіби тіркеуін құру, орташа және ұзақ мерзімді мамандарды болжау мен ағымдағы қажеттілікті анықтау кіреді»,-деді Министр.
«Жобаны басқару, талдау мен бағалау, ақпараттық-коммуникациялық стратегия» 3- компоненті МӘМС-ті енгізуді ілгерілету бойынша тұрғындармен тиімді ақпараттық, коммуникациялық шараларды іске асыруға; Медициналық қызметтің сапасы бойынша біріккен комиссияның қызметін жариялау мен ауруды басқару бағдарламасына тұрғындарды қатыстыруға бағытталған.
«Жобаны іске асыруда күтілетін нәтиже- медициналық сақтандыру жүйесінің тұрақтылығы мен тиімділігі. Жобаның мақсатты көрсеткіштері бар, олар Дүниежүзілік банк пен уәкілетті мемлекеттік органдармен жыл сайын бағаланатын болады»,-деді, сөзін қорытындылай келе Елжан Біртанов.
Көзі материалдық mz.gov.kz