Стационар:
Протозанов көш., 7,
8(7232) 60-28-01, 20-85-71,
706204, 87055698998
Жұмыс уақыты: тәулік бойы

Консультативтік-диагностикалық орталығы: Әуезов даңғ., 26, 8(7232) 56-98-99, 87010569889
8707-569-89-98, 8776-569-89-98
ШҚОА тіркеу орнының email: reg_ob@mail.ru
Жұмыс уақыты: 8.00 – 17.00

24.11.2024

Қазақстанда АИТВ-ны жұқтырудың ықтимал мерзімдерін анықтауды үйренді

ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталықтың мамандары АИТВ-ны жұқтырудың ықтимал мерзімдерін анықтауға мүмкіндік беретін инновациялық әдістерді қолданысқа енгізуде.

Республикалық ЖИТС орталығының  зертханасындағы мақұлдау әдістерінің алғашқы нәтижелері әсерлі болып шықты: жұқтыру жолы және АИТВ-инфекциясының берілу жолы анықталмаған тексерілуден өткен 61 емделушінің ішінен 90% АИТВ-ны бір жыл бұрын немесе одан да көп уақыт бұрын жұқтырған (1-ден 5 жылға дейін). Тек 10% ғана олардың соңғы 9 ай ішінде жұқтырғандығы анықталған. Бұл ақпарат байланысқан адамдар ортасын анықтауға және жұқтырудың ықтимал қауіпінің кеңеюіне қатысты қосымша эпидемиологиялық тексеруді жүргізу үшін негіз болды. Бұрын жұқтырған мерзімдері бар адамдардың жоғарғы пайызы АИТВ-ны жұқтыру мүмкіндігіне тұрғындардың сақтығының төмендігін көрсетіп отыр.     

Аталған әдіс АИТВ эпидемиясына қарсы іс-әрекет етуге, аурудың шынайы бейнесін анықтауға бағытталған және профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін бағалуға мүмкіндік береді. Ол АҚШ пен Ресейді қоса алғанда әлемнің түрлі елдерінде қолданылады. Зертханалық технологиялар адамның АИТВ-ны жұқтырғандығын немесе жұқтырмағандығын анықтайды, бірақ жұқтыру қай уақытта орын алғандығын, ықтимал мерзімін айта алмайды.

«Жұқтыру мерзімдерін анықтауға тестілеу жүргізуді ЖИТС қызметінің практикасына кең ауқымда енгізу - жұқтыру жолдарын эпидемиологиялық тексеру кезінде және байланысқан адамдардың максималды санын уақытылы анықтауға айтарлықтай көмек береді. Бұл жағдай тұрғындарды белсенді түрде тестілеуден өткізудің қажет екендігін және алдын алу бағдарламаларының тиімділігін арттырудың қажеттігін тағы да растай түседі», - деп атап өтті ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталықтың бас директоры Бауыржан Байсеркин.

ЮНЭЙДС ЖИТС республикалық орталығының қолдауымен Алматы қаласында АИТВ-ны жұқтыру мерзімдерін зерттеу және талдау бойынша халықаралық семинарды өткізді, оған Ресейден, Армениядан, Беларусь Республикасынан, Қырғызстаннан және Тәжікстаннан жетекші мамандар келіп қатысты. Аталған семинарға қатысқан барлық елдегі АИТВ-инфекциясы эпидемиясының ұқсас жақтарын назарға ала отырып, арнайы жоба аясында мұндай зерттеулерді жалғастыру және кеңейту шешілді, оны ағымдағы жылы қолға алу жоспарланған. Қазақстан оған белсенді түрде қатысуды және алынған нәтижелерді АИТВ індетімен күресудің тиімділігін арттыру үшін және қолданысқа енгізу үшін пайдалануды жоспарлап отыр.

Көзі материалдық mz.gov.kz

Добавить комментарий

Байланыс мәліметтері

Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы

Стационар:

Протозанов көш.,7, 8(7232) 60-28-01, 20-85-71

Консультативтік-диагностикалық орталығы: Әуезов даңғ., 26,
8(7232) 56-98-99

ШҚОА тіркеу орнының email:

reg_ob@mail.ru
 

Әлеуметтік желілер

//