http://new.vkoob.kz/kz/zha-aly-tar/bejne-zha-aly-tar/130-zha-aly-tar2/863-kavelkin-andrej-ivanovich-zho-ary-sanatty-endoskopist-d-rigeri#sigProId15faca936d
Кавелькин Андрей Иванович, жоғары санатты эндоскопист-дәрігері. Жұмыс өтілі – 25 жыл.
Жалпы наркозбен колоноскопия жүргізуге маманданған. Колоноскопия - бұл арнайы эндоскоптың көмегімен ішек қабырғаларын – икемді зонд, бейнекамера, жарық пен қысқыштар көмегімен визуалды зерттеу. Сурет монитор экранына бірнеше рет ұлғаюда беріледі, соның арқасында дәрігер пациенттің ішегін егжей-тегжейлі қарастыра алады. Зерттеу кезінде зерттеу жазбасын жүргізу, суретке түсіру, биопсия үшін тін учаскесін алу немесе патологиялық ісіктерді бірмезгілдік жоюға мүмкіндік береді.
Сондай - ақ асқазан мен он екі елі ішектің бөлігін қоса алғанда, ас қорыту жолдарының жоғарғы бөліктеріне гастроскопия-эндоскопиялық зерттеу жүргізеді.
Стационарда анестезиолог-реаниматолог-дәрігердің үлкен жұмыс тәжірибесі бар.