http://new.vkoob.kz/kz/zha-aly-tar/bejne-zha-aly-tar/130-zha-aly-tar2/981-15-3-million-aza-standy-m-ms-zh-jesinde-sa-tandyryl-an#sigProId172703b86c
«Бүгінгі таңда 3,4 миллион қазақстандық Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында сақтандырылмаған. Бұл жалпы халықтың 18 пайызы. Оның ішінде 2 млн. астамы - БЖТ төлеуші, дербес төлеуші, жалдамалы жұмысшы, ЖК, жеке практикамен айналысатын азаматтар. Олардың атынан қорға тұрақты түрде аударым түспегендіктен, жүйеден тыс қалған. 2020 жылдың қаңтар айынан бастап 1,3 млн адам МӘМС жүйесіне бірде-бір рет жарна мен аударым жасамаған, сондықтан оларда медициналық сақтандыруда мәртебесі жоқ», - деді Б. Төкежанов.
⠀
Азаматтар сақтандыру жүйесіне қатысу үшін жыл басынан бері ай сайын үздіксіз Қорға төлем жасауы тиіс. Төкежанов, сондай-ақ МӘМС тыс қалған адамдарды жүйеге қатысуға шақырды.
«Сақтандырылған азаматтар үшін медициналық қызметтердің көлемі мен құнына қатысты шектеу жоқ. МӘМС-ке жылына 25 мың теңге көлемінде ең төменгі төлем жасаған пациент медициналық көмекті тегін алады, ал аударған жарнасының сомасы маңызды емес», - деді ӘМСҚ басшысы.